Жаңылыc жолданған — хат (Болған оқиға)
АҚШ-тың Калифорния штатында орын алған жағдай
«Іс сапармен келген бір жігіт қонақ үйге тіркеледі. Бөлмесіне кіре салып, стол үстіндегі компьютерді көріп, өзінің жан-жарына электронды пошта арқылы хат жіберуді ұйғарады. Алайда жазған хаты аңдаусызда өзге мекен-жайға кетіп қалады. Дәл осы мезетте, өзге қалада, бір келіншек күйеуінің жерлеу рәсімінен үйіне келіп жатқан еді. Компьютерін қосып, поштасын тексергенде, жаңа хат кеп тұрғандығын байқайды да, дереу хатты ашып оқи бастайды. «Достарының көңіл айту мақсатында жіберген хаттары болар» деген ниетте хатты оқи бере, келіншек есінен танып қалады. Бөлмеге кірген анасы, өзінің қызының ес-түссіз талып жатқанын және компьютер экранындағы хатты көзі шалып, сол орнында состиып тұрып қалады.
Хат мәтіні төмендегідей:
«Кімге: Сүйікті жарыма
Тақырып: Енді жеттім
Күні: 16 мамыр 2009 жыл
Менен бұлай хат-хабар алғаныңа қатты таң қалатыныңды білемін. Мұнда компьютер бар екен, сүйіктілерімізге пошта арқылы хат жолдауға болатындығы мені қатты қуантты. Бұл жаққа енді жеттім. Құжаттарымды тіркеп болып, отырған бетім осы. Мұнда ештеңе де назардан тыс қалмаған. Тіпті, ертең сенің де келетіндігің жоспарға алынып, дайындығы жасалынып қойылған. Сенімен осы жерде жүздесуді асыға күтудемін. Мен секілді сен де оңай жол жүріп келерсің деген үміттемін.
Сені сағына күтемін, Күйеуің...»